Ақтауда жастар мен полицейлердің төбелесі видеоға түсіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақтауда мекемелердің бірінде болған жастар мен полицейлердің төбелесі видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Lada.kz.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 мамырда сағат 23.10 шамасында Самал шағынауданындағы жағалауда, «Монако» мекемесіне қарама-қарсы болған.

Тәртіп сақшылары бұл деректің мектеп бітіруші түлектерге қатысы жоғын айтты.

Аумаққа жауапты полицейлер дер кезінде жағдайдың алдын алды. Жастар ешқандай арыз жазбады. Олармен арада профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деп қорытындылады ведомство өкілі.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы