23 Қыркүйек 2024 2024, 15:23
Фото: Жер ресурстарын басқару комитеті
Ақтауда жалпы көлемі 36 га жуық жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаментімен бақылау мен қадағалау субъектісіне (обьектісі) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау барысында Жер Кодексінің 48-бабы талаптарының сақталмағандығы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кадастрлық (бағалау) құны –646,1 млн.теңгені құрайтын 3 жер учаскесі (35,5985 гектар) қала әкімдігімен заңсыз табысталған.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 2 тамыздағы шешімімен Департаменттің жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арызы қанағаттандырылды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.