Кеше 2026, 22:24 Фото: Маңғыстау облысы Экология департаменті

Ақтауда жағажайдан итбалықтардың өлексесі табылды

Қазіргі уақытта мамандар жағалаудағы итбалық өлекселерінің нақты санын анықтап, оларды есепке алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ақтау қаласының жағажайларынан итбалықтардың өлекселері табылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Экология департаменті мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 3 шілде күні тіркелген. Қазіргі уақытта мамандар жағалаудағы итбалық өлекселерінің нақты санын анықтап, оларды есепке алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқиғаға байланысты Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің мамандары жағалау аумағынан теңіз суының сынамаларын алды.

Ведомствоның мәліметінше, зертханалық талдау нәтижелері шыққаннан кейін қосымша ақпарат жарияланады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Маңғыстау Облысы Экология Департаменті (@mangystau_ecology_department)