Бүгiн 2026, 10:47 Фото: Lada.kz

Ақтауда заң талаптарын бұза отырып әкелінген 400-ге жуық жұмыртқа жойылды

Ветеринариялық құжаттарсыз сатылған өнім тәркіленіп, кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақтауда ветеринариялық инспекция мамандары Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп, қолданыстағы талаптарды бұза отырып әкелінген Ресейден жеткізілген тауық жұмыртқаларының сатылып жатқанын анықтады.

Lada.kz мәліметінше, қаладағы сауда орындарының бірінде жүргізілген тексеру кезінде қажетті ветеринариялық ілеспе құжаттары жоқ 390 дана тауық жұмыртқасы табылған. Салалық ведомство өкілдерінің айтуынша, өнім қолданыстағы шектеулерге қарамастан сатылымда болған.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 сәуірден бастап Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден тауық жұмыртқасын көліктің барлық түрімен әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынған.

Аталған заңбұзушылық бойынша сатушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ветеринариялық құжаттарсыз өнімді сатқаны үшін кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Тәркіленген жұмыртқалар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес белгіленген тәртіппен жойылды.

Сонымен қатар бақылаушы органдардың қызметкерлері сауда нысандарының өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ветеринариялық заңнама талаптарын және өнім әкелуге қатысты қолданыстағы шектеулерді сақтау қажеттігін еске салды.