6 Қазан 2025 2025, 12:16
Фото: pixabay.com
Ақтауда велосипед тебуге шыққан 13 жастағы бала жоғалып кетті
Ақтауда 13 жастағы жасөспірім үйінен велосипед тебуге шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақтауда 13 жастағы жасөспірім үйінен велосипед тебуге шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Lider.kz" еріктілер қозғалысының хабарлауынша, Ақтауда 13 жастағы Тимофей Павлов іздестіріліп жатыр. Ол 5 қазан күні үйінен велосипед тебуге шығып, содан кейін жоғалып кеткен.
Тимофей Павлов 5 қазан күні сағат 18:00 шамасында 11-шағын ауданындағы үйінен велосипед тебуге шыққан. Сол уақыттан бері оның қайда екені белгісіз. Белгілері: бойы — 170 сантиметр, арықша дене бітімді, - деп жазылған еріктілер хабарламасында.