Ақтауда «Вalqaimaq» фуд-фестивалі өтті

Маңғыстауда туристік маусым әлі де жалғасып жатыр. 2022 жылдың қазан-қараша айлары аралығында өңірдің тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы іс-шаралар сериясы ұйымдастырылады. Соның біріншісі – Balqaimaq - Food Fest тамақ фестивалі өтті, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі. 

Тағамдар фестиваліне қаланың 20 мейрамханасы мен кафесі қатысты. Олар өз өнімдерін теңіз жағалауындағы 5 жұлдызды қонақ үйдің демалушыларына ұсынды. Мақсат – туристік маусымның жаз айларымен аяқталмайтынын Маңғыстауда жыл бойы демалуға мүмкіндік барын көрсету. Өйткені Маңғыстау, Ақтау бұл тек теңіз ғана емес, – дейді ұйымдастырушылар.

Біз туристерді тарту үшін қазан-қараша айына 20 іс-шара жоспарлап отырмыз. Balqaimaq - Food Fest бұл басы. Одан әрі Ақтау марафоны, веложарыс, хакатон, мобилографтар фестивалін өткізу жоспары тұр. Бұның бәрі қала мен өңірдің туристік әлеуетін арттыру үшін жасалып отыр, – дейді Rixos Aktau және TetysBlu басқарушы директоры Серік Исағалиев.

Тамақ фестивалінде маңғыстаулық кондитерлер көпшілік алдында «шайқасты». Ол өздеріне берілген межелі уақытта торттар әзірлеп шығарды. Ал оған бағаны кәсіби аспаздармен қатар, шара қонақтары берді. 

Аптаның басында мен «Balqaimaq» фестивалінің жарнамасын көрдім, маған оның аты ұнады . Енді міне құрбым екеуміз келдік. Демалушылар өте көп екен. Бағдарлама да қызықты өтіп жатыр. Маңғыстауда түйе сүтінен әзірленетін өнімдер ерекше. Әсіресе балқаймақ пен құрт ұнайды, – дейді Атырау облысының тұрғыны Сәуле Әкім. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шаралар Маңғыстау облысындағы туристік маусымды қараша айының соңына дейін ұзартуға бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы