Ақтауда үй кіреберісіндегі шатыр құлап, бір адам қаза болды

Ақтауда үй кіреберісіндегі шатыр құлап, бір адам қаза болды. Тағы екеуі зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 9-шағын аудандағы көппәтерлі тұрғын үйде болған. Кіреберістегі шатырдың опырылып түсуі салдарынан ер адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. 

Бір адамның өмірін сақтап мүмкін болмады. Ол оқиға орнында алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапты. Тағы екі адам ауруханаға жатқызылды, - делінген Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазір зардап шеккен екі адам медициналық тексеруден өтіп жатыр. 

Кейбір дерек бойынша, ер адамдар сол кіреберістегі шатырды ауыстыруы керек болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Азамат Сәрсенбаев
Өзгелердің жаңалығы