Ақтауда үстіне жиһаз құлаған ер адам қайтыс болды

Биылғы қаңтарда алтыншы қабаттан үстіне жиһаз құлап, сал болып қалған ер адамның қайтыс болғанын ағасы жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ағасы інісінің қайтыс болғанын 26 тамызда дәрігерлерден естіген.

Германия мен Ресейден мамандарды шақыруға тура келді. Өйткені төсек жарасы асқынып кеткендіктен, Қазақстаннан бірде-бір дәрігер қабылдамады. Арызданбаған жеріміз қалмады, – дейді 39 жастағы марқұмның ағасы.

Ағасы жиһаз лақтырған адамды «жауып отыр» деп санайды. Lada.kz полиция бөлімінен түсініктеме күтеді.

Еске салайық, 2023 жылдың қаңтар айында 11-шағын ауданда No41 үйден өтіп бара жатқан адамға жиһаз лақтырылған болатын. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы