Ақтауда үлескерлердің қаражатын талан-таражға салған басшы қамауға алынды

Ақтауда "Атамекен" тұрғын үй кешені аяқталмаған объектісі салымшыларының сеніп тапсырылған ақшалай қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша "Багис" ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істің тергеуі жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ҚМА баспасөз қызметі мәлім еткендей, тергеу барысында ЖШС директоры 2017 жылдың наурызы мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында тұрғын үй кешенін құрылысын аяқтау сылтауымен 119 үлескердің ірі көлемде 400 млн теңгеге жуық ақшалай қаражат иемдегендігі анықталды. 

ЖШС басшысына қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қосымша сот сараптамаларын жүргізу күтілуде. Оның нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға берілетін болады, - деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы