Ақтауда триатлоннан Азия чемпионаты аяқталды

Жарысқа Азия елдерінен келген 70-тен астам қатысушы қатысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында жапондық Юко Такахаши жеңіске жетті. Одан кейін Қытайдан келген спортшылар Зинью Ллин мен Фан Янг мәреге жетті. Қазақстандық Екатерина Шабалина төртінші болып мәреге жетті.

Ерлер жарысында жапондық Рен Сато бірінші орын алды. Жапониялық Кенжи Ненерде екінші атанса, оның отандасы Макото Акакура жарысты үшінші болып аяқтады.

Қазақстандық Аян Бейсенбаев төртінші орынды иеленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы