9 Тамыз 2026, 15:50 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Ақтауда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел көз жұмды

Оқиға Ақтаудағы 4-шағынауданда болған. Полиция қылмыстық іс қозғап, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған әйел қаза тапты. Қайғылы оқиға қаланың 4-шағынауданындағы №10 үйде болған.

Өңірлік БАҚ мәліметінше, аталған дерек бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Әзірге басқа ақпарат жарияланған жоқ.