Ақтауда төбелескен жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды
Ақтауда полицейлер көшеде төбелес ұйымдастырған мектеп оқушыларын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға кезінде екі жасөспірім төбелескен, ал үшінші бала оларды видеоға түсірген.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, төбелеске қатысқан екі жасөспірімнің де ата-анасына әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар полиция оқиғаны видеоға түсірген баланың да заңды өкілдерін жауапқа тартты.
Оқиғаның бейнежазбасын таратқан жасөспірімнің ата-анасына да жауапкершілік жүктелді. Мұндай әрекеттер кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзуға және қоғамда зорлық-зомбылықты насихаттауға әкелуі мүмкін, — деп түсіндірді полиция өкілдері.
Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалардың тәрбиесі мен мінез-құлқын мұқият қадағалауға шақырды. Сондай-ақ жасөспірімдердің төбелеске баруы әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені ескертілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шығыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам қайтыс болды
Өзгелердің жаңалығы