Ақтауда тіркелмеген дәрілерді сатқан дүкен иесі жауапқа тартылды
Тексеру барысында аталған нысанда дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның жоқ екені де анықталды.
Ақтауда жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында Қазақстанда тіркелмеген диеталық қоспалар мен дәрілік заттарды сатумен айналысқан дүкен анықталды. Бұл туралы жергілікті Lada.kz порталы жазды.
Маңғыстау облысы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің мәліметінше, тұрғынның шағымы негізінде жүргізілген тексеру кезінде сауда орнынан 200-ден астам тіркелмеген дәрілік зат тәркіленген.
Сот шешімімен дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңсыз өнімдерді тәркілеу және жою туралы қаулы шығарылды.
Тексеру барысында аталған нысанда дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның жоқ екені де анықталды. Осыған байланысты кәсіпкер заңсыз фармацевтикалық қызмет көрсеткені үшін қосымша жауапқа тартылды.
Мамандар азаматтарды дәрі-дәрмек пен биологиялық белсенді қоспаларды тек лицензиясы бар дәріханалардан сатып алуға шақырады. Сондай-ақ өнімнің мемлекеттік тіркеуден өткенін және қаптамада тиісті таңбалау мен тіркеу нөмірінің бар-жоғын тексеру қажеттігін ескертеді.
- Жамбыл облысында жүкті әйелін зиратқа апарып, ұрып-соққан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды 16:30
- Маңғыстауда шаруашылық нысанынан 83 келі есірткі табылды 16:03
- Сицилияда Этна жанартауының атқылауына байланысты әуежай жабылды 15:41
- Ақтөбеде жолда «шоу көрсеткен» жастар жазаланды 15:23
- ІІМ қазақстандықтардың деректерін сататыны туралы хабарландыру авторын іздеп жатыр 15:05
- Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты 14:59
- Аспандағы ерекше көрініс: Қазақстандықтар «жұлдыз жауынын» тамашалады 14:40