Ақтауда террористік шабуыл жасамақ болған азамат ұсталды

Террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттаған ақтаулыққа үкім шықты деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл 19 қазанда Ақтау қаласының тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енді.

Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды. Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген, - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Айта кету керек, сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы