25 Қазан 2026, 12:46
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі
Ақтауда тағы 107 автоматтандырылған жылу пункті орнатылды
Жабдықтар жылу тапшылығы байқалатын жоғарғы шағынаудандардағы көпқабатты үйлерге орнатылып жатыр.
Ақтауда ескірген элеваторлық тораптар автоматтандырылған жылу пункттеріне (АЖП) ауыстырылып жатыр. Биыл жоғарғы шағынаудандардағы тұрғын үйлерге осындай тағы 107 құрылғы орнатылды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жұмыс 2024 жылы жылу тапшылығы байқалатын шағынаудандарда басталған.
2025 жылы жоғарғы шағынаудандардағы 104 тұрғын үйге автоматтандырылған жылу пункттері орнатылды. Сол кезеңде барлығы 170 құрылғы монтаждалған.
АЖП сыртқы ауа температурасына қарай жылу беруді реттеуге, ғимарат ішіндегі жылу шығынын азайтуға және энергия ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, – деп нақтылады әкімдік.