Ақтауда суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

Ақтауда полиция қызметкерлері суға батпақ болған кәмелетке толмаған баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгін сағат 11:09 шамасында Ақтау қаласының теңіз жағалауында полиция қызметкерлеріне теңізге батуға бет алған, айналасындағыларға мән бермеген жасөспірім туралы хабар түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен Ақтау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жағдайдың аса қауіпті екенін бағалап, бір сәт те кідірместен теңізге кірді. Өздерінің жеке қауіпсіздігін елемей, олар жасөспірімді жағаға алып шығып, баланың өмірін сақтап қалды. Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізілуде, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске  салайық, бұған дейін Абай облысында жоғалған 8 жасар бала құдықтан табылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы