Ақтауда стихиялық қоқыс үйіндісі ұлғайып барады: тұрғындар биліктен көмек сұрайды

Ақтаудың 20-шағын ауданындағы №5 үйдің артында бірнеше апта бойы рұқсат етілмеген қоқыс полигоны пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, аумаққа қызмет көрсететін компания жоқ, сондықтан қалдықтарды ешкім шығармайды. Бұған дейін қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі аумақты бір рет тазартқанымен, көп ұзамай қоқыс қайта жинала бастаған.

Мәселенің себебі – құрылыс қалдықтарын өз күшімен шығарып келген мердігер компанияның жұмысты уақытша тоқтатуы. Содан бері тұрмыстық және құрылыс қалдықтары жойылмай, қоқыс үйіндісі күн сайын ұлғайып келеді.

Қоқыс ашытқыдай көбейіп жатыр. Өтінеміз, билік біздің мәселемізге назар аударсын. Жаңа шағын ауданда мұндай тәртіпсіздік болмауы керек, – дейді тұрғындар.

Қала тұрғындары жергілікті қызметтердің жағдайды бақылауға алып, қоқыс шығаруға жауапты ұйымды анықтайды деп үміттеніп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы