Ақтауда синтетикалық есірткінің аса ірі мөлшерімен курьер ұсталды
Есірткінің жалпы салмағы 788 грамм, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының ЖЭО-2 аумағындағы өнеркәсіптік аймақта Алматы облысының 22 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жiгіт туристік аймаққа "жылдамдық" синтетикалық препаратын аса ірі мөлшерде сату мақсатында келген. Қаскөй жалдамалы пәтерде тұрған. Жеке тінту жүргізу барысында ұсталған адамнан ішінде "альфа-PvP" ("жылдамдық") синтетикалық есірткі заты бар бір үлкен қара орама тәркіленді.
Жалпы салмағы 788 грамм болып шықты. Ұсталған жігіттің айтуынша, ол курьер ретінде екі айға жуық жұмыс істеген, ал Ақтауға ірі партиялармен синтетикалық есірткі сату үшін келген. Синтетикалық есірткіні ол Telegram мессенджеріндегі sms арқылы куратордың нұсқауы арқылы алған.
ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі "Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ақтау қаласының соты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. Қылмыстық іс бойынша одан әрі жедел іс-шаралар мен тергеу әрекеттері жүргізілетін болады.