4 Тамыз 2023 2023, 10:54

Ақтауда шахматтан мектеп әлем чемпионаты басталды

3-8 тамыз аралығында Ақтау қаласында (Қазақстан) Каспий теңізінің жағасында әлемде тұңғыш рет World Schools Team Championship мектеп Әлем чемпионаты өтеді,деп хабарлайды BAQ.KZ.

3-8 тамыз аралығында Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағасында әлемде тұңғыш рет World Schools Team Championship мектеп әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Чемпионаттың ерекшелігі оған шахмат клубтары мен секцияларының тәрбиеленушілері емес, қарапайым мектеп оқушылары, шахмат әуесқойлары қатысады.

Әлем чемпионатын халықаралық және Қазақстандық шахмат федерациясы ұйымдастырады.

Турнирге 50-ден астам елден 400-ден астам шахматшы қатысады.

Чемпионатта Қазақстанның атынан еліміздің алты қаласынан 10 мектеп қатысады. Турнир Halyk Arena спорт сарайында өтеді.