Ақтауда сапбордпен теңізде жүзіп жүрген 6 адамды ағыс алып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда сапбордпен теңізде жүзіп жүрген 6 адамды ағыс алып кетті. Бұл туралы lada.kz хабарлайды.
15 шілде күні кешкісін теңіздің Приморский тұрғын үй алабына қарсы тұсында сапбордпен жүзіп жүрген үш адам – 31 жастағы екі адам, 29 жастағы бір адам суға ағып кеткен.
Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті құтқару операциясын жүргізіп, барлық адам құтқарылған.
Сол күні кешке сапбордпен жүзіп жүрген тағы 3 адам құтқарылып, аман қалды. Дәрігерлер оларға алғашқы көмек көрсетті.
Үшінші құтқару операциясы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында өткен. 2 адам үрленетін қайықпен жағажайдан алысқа сумен ағып кеткен. Құтқарылған ер адамдарға Жедел медициналық көмек орталығының қызметкерлері алғашқы жәрдем көрсеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы көпір бір айға жабылды
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы