Ақтауда қызметін асыра пайдаланған взвод командирі жазаға тартыла ма

Қорғаныс министрлігі Ақтаудағы әскери бөлімдердің бірінде болған оқиғаға қатысты ресми хабарлама жасады, деп жазады BAQ.KZ.

2023 жылғы тамыз айында Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде взвод командирінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қатысты билікті асыра пайдалану оқиғасы орын алған болатын. Қорғаныс министрлігі аталған факті бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылғанын мәлім етті. 

Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін әскери қызметші теріс себептермен ҚР Қарулы күштерінің қатарынан босатылады. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери ортадағы жарғыға жат қатынастарды анықтап, олардың жолын кесу мәселелері Қарулы күштер басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтеміз. Олардың көріністерінің барлық нысаны бойынша құқықтық және тәртіптік шаралар қолданылады. Қарулы күштерде мұндай құқық бұзушылық фактілері бірен-сараң ғана екенін айта кету керек. Бұл тұрғыда бірде-бір жағдай назардан тыс қалмайды. Тергеу іс-шаралары барысында қылмыстық қудалау органдарына толық көмек көрсетіледі, - деп сендірді министрлік.

Еске салсақ, былтыр тамыз айында Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің взвод командирі мерзімді қызметтегі әскерилерге күш қолданып, оларды жұдырықпен, орындықпен, шоқпармен ұрып "тәрбиелемек" болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы