25 Желтоқсан 2024 2024, 12:59 Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Ақтауда құлаған ұшақта 6 қазақстандық болған

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында болған адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында болған адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған, - деп хабарлады Көлік министрлігі.

Айта кетейік, сағат 11:10 Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі екені белгілі болды.

Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтау маңында құспен соқтығысып, артынша рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады.

Baza телеграм-арнасы ұшақта болған адамдардың тізімін жариялады.

Бұған дейін  Ақтаудағы ұшақ апатынан 12 адам аман қалғанын жазған едік.