Ақтауда қаптаған қандаланы улағаннан 5 адам зардап шекті, оның үшеуі бала

Ақтауда қандала шабуылынан тағы бес адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға 26 қазан күні кешке 3А ықшам ауданындағы 25-үйде болған. Пәтерлердің бірінде қаптап кеткен қандаланы улағаннан кейін бес адам зардап шекті, оның үшеуі бала.

Lada.kz-тің мәліметінше, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсима Жарылғасова пәтерді дизенфекциялау жұмыстарын күкіртпен жасаған (серная шашка) оны пәтер иесі 22 шағын аудандағы базардан сатып алғанын айтқан.

21:20-да бізге 3а шағын ауданындағы пәтерді залалсызданлыру туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жерге біздің мамандар барды. Дизенфекция қандай препаратпен жүргізілгенін анықтадық. Барлық көршіге ескерттілді, қала әкімінің көмегімен адамдарды эвакуациялау үшін жағдай жасалды. Бірақ көрші пәтерлерде тұратын азаматтар кетуден бас тартты. Оларға барлығы түсіндіріліп айталды. Оқиға орнында ТЖМ мен полиция қызметкерлері де болды. Жедел жұмыс жүргізілді және улану себептері жойылды. Медициналық көмек алу үшін ауруханаға бес адам жүгініп, амбулаториялық емделуге жіберілді, - деді Әсима Жарылғасова.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Екі адам облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Олар амбулаториялық ем алып, үйлеріне жіберілді, - деп хабарлады медициналық мекеме.

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтылды.

Ауруханаға бір отбасының үш баласы түсті. Екі балада ешқандай белгілер болған жоқ, олар тексеріліп, үйге жіберілді. Бір бала педиатрия бөліміне жатқызылды, жағдайы тұрақты ауыр. Бала түскен кезде әлсіздік пен бас айналуға шағымданған, осыған байланысты ауруханаға жатқызылған, - деп хабарлады өңірдің денсаулық сақтау басқармасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы