Ақтауда полиция қызметкерлері есірткі притонын жойды

Ақтауда полиция қызметкерлері есірткі притонын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

12 қараша күні сағат 20:55 шамасында Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына келіп түскен жедел ақпарат бойынша басқарма қызметкерлері Ақтау қаласының 5-шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде есірткі қолдануға арналған притонды жойды.

Пәтерді тінту кезінде пластикалық бөтелке, шприц және басқа да заттар табылды және тәркіленді.

49 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 302-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті Ақтау қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар полицейлер пәтерден шыққан 33 және 41 жастағы екі әйелді ұстады. Жеке тінту кезінде олардың бірінің сөмкесінен 68 грамм марихуананың 16 түйірі табылды.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы