Ақтауда полицейлер жүздеген электронды темекі мен снюс тәркіледі
Ақтауда криминалдық полиция қызметкерлері 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіледі.
2026 жылғы 3 қыркүйекте Ақтау қаласының 28А шағын ауданында криминалдық полиция қызметкерлері Changan маркалы автокөлікті тоқтатты.
Көлік құралын тексеру барысында полицейлер WAKA маркалы 64 электронды темекіні анықтап, тәркіледі.
Одан әрі жүргізілген іс-шаралар барысында криминалдық полиция қызметкерлері қаланың өнеркәсіптік аймағында орналасқан гараждардың біріне тінту жүргізді. Нәтижесінде тағы 151 электронды темекі және 31 қаптама снюс анықталып, тәркіленді.
Осылайша, полиция қызметкерлері барлығы 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіледі.
Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті процестік шешім қабылданады. Заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске саламыз. Тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымы үшін жауапкершілік көзделген, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі.