Ақтауда полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған 17 жастағы қызды құтқарып қалды
Жоғарыға көтерілген полицейлер жеткіншек өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22 мамыр полиция инспекторлары Исламбек Шаржан мен Әзімбек Саттар, патрульдік полицейлер Ғалым Қожамуратов пен Руслан Жұмабаев 27 шағын аудан мекенжайына жедел шақырту бойынша келді.
Шатырға көтерілген полицейлер қыздың төменге секіруіне жол бермей, оны ұстап қалып, отырған жерінен көтеріп алды. Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырды.
Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторға тапсырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы