Ақтауда полигондағы өрт салдарынан газ құбыры жарылды

Өртенген көлік доңғалақтары Ақтау маңындағы газ құбырының жарылуына түрткі болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Lada.kz басылымының мәліметінше, оқыс оқиға 23 тамызда кешке Ақтау қаласының маңындағы "Рахат" сауда үйінің жанында болды.

"Өрт 10 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жақын маңдағы газ құбыры жарылған. Апат салдарын "104" қызметінің қызметкерлері жойды", – дейді Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы