Бүгiн 2026, 18:13
Фото: freepik.com
Ақтауда өртенген тұрғын үйден 14 адам эвакуацияланды
Өрт жертөледе шыққан, зардап шеккендер жоқ.
Ақтау қаласының №31 шағынауданында алты қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға туралы хабар төтенше қызметтерге түскен соң, оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.
Барлау және өртті сөндіру барысында үйден 14 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді, – деп мәлімдеді ТЖМ.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.