Ақтауда өрт шыққан пәтерден төрт бала құтқарылды
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына санаулы минуттарда жетті. Үш сатылы баспалдақтың көмегімен түтінге толған пәтерден 2009, 2012, 2020 және 2024 жылдары туған төрт бала қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт толық сөндірілді, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ведомство өрт кезінде ешкімнің зардап шекпегенін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы – Азия чемпионы
Келесі жаңалық
Дэвис кубогы: Ел құрамасы алғаш рет ширек финалға шықты
Өзгелердің жаңалығы