12 Қыркүйек 2026, 23:51 Фото: Скриншот

Ақтауда мотоцикл мен кроссовер соқтығысып, 16 жастағы жасөспірім ауруханаға түсті

Дәрігерлер оған жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы және сол қол сүйегінің жабық сынуы диагнозын қойған.

Ақтауда Honda мотоциклі мен Hyundai Bayon көлігі соқтығысып, 16 жастағы мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Lada.kz-тің мәліметінше, жол апаты 9, 11 және 14-шағын аудандар арасындағы айналма жолда болған.

Полиция мәліметінше, Honda мотоциклін басқарған жасөспірім екінші жолдан негізгі жолға шыққан кезде Hyundai Bayon көлігіне жол бермеген. Салдарынан мотоцикл кроссовердің жүргізуші жағындағы есігіне соғылған.

Hyundai жүргізушісі медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді. Ал 16 жастағы жасөспірім облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.

Дәрігерлер оған жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы және сол қол сүйегінің жабық сынуы диагнозын қойған. Жағдайы орташа ауыр, тұрақты деп бағаланып отыр.

Жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мотоцикл арнайы тұраққа қойылды.