Ақтауда мопед жүргізушісі көлікпен соқтығысты

Ақтауда мопед пен жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға 8 және 6-шағын аудандар арасындағы автожолда орын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, мопед жүргізушісі Toyota Camry маркалы көліктің артқы бөлігіне соғылған. Куәгерлердің айтуынша, автокөлік жүргізушісі солға бұрылмақ болған, алайда мопедист те қимылдап үлгермей, соқтығыс орын алған.

Бұл жерде бұрылуға тыйым салынғанын жүргізушілер біледі. Бірақ жол белгілері орнатылмағандықтан, көпшілік қатты жолақтың бар екенін ескермейді, – дейді куәгерлер.

Апат салдарынан мопед жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген. Дәрігерлердің алғашқы көмегінен кейін ол үйіне жіберілді.

Маңғыстау облысының полиция департаменті мәлім еткендей, Toyota Camry жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы