2 Тамыз 2024 2024, 07:20

Ақтауда монша өртенді

Түнде Ақтау қаласында монша кешенінің екінші қабатындағы бу бөлмесінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түнде Ақтау қаласында монша кешенінің екінші қабатындағы бу бөлмесінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ күшімен өрт 10 ш.м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.