Ақтауда меншік иелері бірлестігі 19% жетті
Ақтау қаласында 1217 көпқабатты тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта олардың 187-не қызмет көрсететін 122 меншік иелері бірлестігі (МИБ) және 47 тұрғын үй массивіне қызмет көрсететін 47 жай серіктестік құрылды, деп жазады Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.
Ақтауда меншік иелері бірлестігін құрғандар саны 19%. МИБ - заңды тұлға болып есептеледі. Ал жай серіктестік тұрғындарының өздері таңдаған өкіл сенім хатпен жұмыс істейді. Бұрынғы пәтер иелері кооперативінен айырмашылығы, МИБ-тің толық мүшелері сол үйдің тұрғындары. Төрға, 3 адамнан кем емес ақыл үй кеңесі және ревизиялық комиссиясы кемінде бес адамнан тұрады. Төраға бір жылға, ақыл үй кеңесі мүшелері үш жылға сайланады.
Жалпы бұл форманың міндеті - тұрғындарды үйді күтіп ұстауға толыққанды араластыру. Пәтер иелері кооперативіне келетін болсақ, бұл - сырттан тағайындалған тұлға. Олт бірнеше үйге қызмет көрсете алады. 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін ПИК толық жұмысын тоқтатып, МИБ жұмыс істеуі керек тиіс еді. Алайда, мемлекет басшысына ұсыныстар түсіп, ПИК жұмыстарын 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін созған болатын. Осы жылдың 23 наурызында мемлекет басшысы тұрғын үй қатынастарының заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізіп қол қойды.
Бұл заң 16 мамырда күшіне енді. Осы заңда көрсетілген ПИК 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатады. Бірақ енді тұрғындардың алдында қарызы бар статистік есепке екі жылға дейін жұмыс жасайды. Бірақ, барлық форма 3 формаға өту керек. 30 пәтерге жетпейтін болса, ЖС құра алады. Ал 30 пәтерден жоғары болса, міндетті түрде МИБ құрылады. Бұған дейінгі заңда МИБ, ЖС қанша пәтерге дейін шектеу жоқ болатын. Жаңа заңда осы үш міндетемелер енгізілген. 16 мамырдан кейін үйдің басқарушы формасын таңдамаған үйлерге жергілікті атқарушы орган оның ішінде тұрғын үй инспекциясы сырттан басқарушы мекемені бір жылға дейін сайлау құзіреттілігі беріліп жатыр. Осы сайланған мекеме тұрғын үй инспекциясының ең төменгі бекіткен тарифі бойынша көп пәтерлі үйлерде жаңа форманы таңдауда жұмыс істеу керек, - дейді Ақтау қалалық тұрғын-үй инспекциясының басшысы Нұрадин Көшербаев.
Қазір Ақтауда 122, Жаңаөзен қаласында 38, Мұнайлы ауданында 6 меншік иелері бірлестігі тіркелген. Тіркеу үшін екі құжат керек. Жиналыс хаттамасы және мүлік иелері бірлестігінің Жарғысы.
Жиналыс хаттамаларының үлгілік нысаны мен МИБ-тің үлгілік жарғысы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министірінің 2020 жылғы 30 наурыздағы және 15 сәуірдегі № 163 және № 205 бұйрықтарымен бекітілген. Салық кодексінің 553 бабына сәйкес көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені алым мөлшері – 1 айлық есептік көрсеткіш, яғни 3450 теңге. Мүлік иелерінің бірлестігі мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар топтамасы, мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек,- деп атап өтті Маңғыстау облыстық әділет департаментінің бас маманы Сұңғат Нұрғалиев.
Мүлік иелері кооперативінің негізгі мақсаты - үйді 100 пайыз күтіп, тұрғындарды да сол жұмысқа араластыру. Төраға пәтер иесі немесе пәтерге үлестік қатысы болуы керек.16 мамырда күшіне енген заңда толықтырулар енгізіліп, 18 жасқа толған баласы болатын болса жаңа Заңда сол адамдар да ақыл үй кеңесінің мүшесі болуға құқы бар. Бұған дейінгі заңда тек сол үйдің пәтер иесі ғана міндетті еді. Егер тұрғын жалдамалы пәтерде тұрған болса, меншік иесінен нотариалды сенім хат алып, дауыс беруге құқылы.
2021 жылы алғашқы ашылған МИБ қатарында жұмыс бастадым. Мұның тиімділігі қаржылық бақылау. Төленген қаржы қайда жұмсалып жатыр. Ең бастысы сол. Тұрғындардың ауызбіршілігі керек, болмаса жұмыс жүрмейді. Енді тиімділігіне келсек өте жақсы. ПИК-нің барлығы нашар деп айта алмаймын. Дұрыс жұмыс жасайтындары бар. Мен басқарған МИБ келетін болсақ, 10 жылдың ішінде жағдай өте нашар болды. Жертөле, подьезд іштері. МИБ-не өткеннен бастап, тұрғындардың өздері жертөлеге түсіп, кәріз құбырларының жағдайын көзбен көрді. Жылыту таспаларының бұрандалары шіріп жатыр ма, соны өздері көре отырып, МИБ-нің тарифін бекіттік. Жылыту таспалардың бұрандаларын толықтай ауыстырдық. Сырлап жөндедік. Жоғары қабаттарға су көтерілу проблема. Келіп тұрған қысымы жетейді. Біз сорғы қондырдық. 8-9 қабаттарға су мәселесі шешілді. Есептегіштерді де орнаттық. Шіріген кәріз тұрбалар толығымен ауыстырылды. Тұрғындардың қауіпсізідігі мақсатында бейнекамера қондырдық,- деді Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Дүйсен.
Кейде пәтер жалдап тұратындар ортақ есепшотқа ақы төлемейтін жағдай болады. Бұл жөнінде егер 3 айдан асып кетсе, нотариалдық өндіруге жатады. Егер нотариус бас тартса, сотқа беріледі. Өндіру жұмыстары жүгізіледі.
Заңды тұлға ретінде тіркелудің тағы бір артықшылығы — «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы мемлекет есебіндегі қаржыға тұрғын үйді жөндеу жұмыстарын жүргізе алады. Ол үшін тұрғындардың 3/2 пайызы келісім беруі керек. Келісім бергеннен кейін жергілікті атқарушы орган ол үйге бағалау құжаттарын жасап, құжаттамада қаржыны тұрғындарға ұсынады.
Ақтау тұрғын үй арнайы мамандандырылған мекемесісеріктестік есебіндегі қаржыға жөндеу жасаушылардың тізімі беріліп, МИБ өкілдерінің қатысуымен тұрғындар сол мекеменің біреуін таңдай алады. Жөндеу жұмыстарының төлемақысы 7 жылдан 15 жылға дейін беріледі. Бұл бағдарламаның ішінде тағы бір ерекшелігі тұрғын үй көмегі бар. Егер үйге кіретін кіріс, өзінің есептемесіне жетпейтін болса, тоқсанына бір рет қалалық жұмыспен қамту орталығына құжаттарын тапсырса, бағдарламада жеңілдіктер қарастырылған. Үкімет тарапынан жөндеу жұмыстарына тұрғынның жекелей есеп шоты арқылы қаржы бөлінеді.
МИБ басқару жүйесіне өтуге не себеп болды? Бұл орайда, ПИК жұмысына тұрғындардың көпшілігінің көңілі толған жоқ.
Бәрін қаралай алмаймыз. Жұмыс жасамай жүрген ПИК бар. Жеке шарбақтағы үйді қалай күтіп ұстаса, көп пәтерлі үйде де солай күтіп ұстасын деген мақсатта іске асып жатыр. Өзінің пәтеріне кіріп кеткеннен кейін, баспалдағы бар, шатыры, жертөлесі бар, оны мемлекеттікі деп есептейді. Тұрғындарға соны түсіндіріп жатырмыз. Үй ортақ. Сол жерде 40-50 пәтер болатын болса, жертөледен бастап шатырға дейін сол пәтер иелеріне тиесілі. Көппәтерлі үй ортақ мүлік. Әрқайсының өз үлестері бар,- дейді Ақтау қалалық тұрғын-үй инспекциясының басшысы Нұрадин Көшербаев.
Бұл орайда Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Дүйсеннің айтуынша, қаладағы тұрғын үйлердің 20 пайызы ғана МИБ-ке тіркелген.
Екі жылдың ішінде ол өте аз көрсеткіш. Әлі 80 пайызы өткен жоқ. Халықтың бәрі бірдей емес. Әр түрлі мамандық иелері бар, барлығы заңгер емес. МИБ-тің жұмысын қарапайым адам әлі күнге дейін түсінбейді. Бұрынғы ЖЭК деп түсіндіреміз, айналып келгенде ПИК дейміз. Арнайы топ құрсақ. Жасап жатырған МИБ-тері бар. Бейнероликтер түсіріп көрсетсек, бұрын қалай болды қазір қандай? - деді ол.
«Звезда Ақтау-2020» мүлік иелері бірлестігінің төрайымы Шынар Рахманова Тұрғын үй инспекциясына кезекті арыз-шағымдарымен барғанда пилоттық жоба жүріп жатқанын естіп, МИБ құруға құлшыныс танытқан. Себебі,төлеп жатқан жарналар қайда жұмсалатынын енді толық біліп отыр.
2020 жылы МИБ құрдық. Екі айдай қиын болды. Себебі: кілтті берген жоқ. Жертөлеге кіре алмадық. Негізі үйдің жүрегі – ол инженерлік коммуникация. Кейбір көршілер үйдің алды жиналмай қалды деп айтқанда, маған ол мәселе болған жоқ. Негізгі инженерлік жүйе маңызды болды. Инженерлік жүйе арқылы әрқайсының үйіне су, жылу, тоқ барады. Бізде де шешілмеген мәселелер болды. МИБ құруға бәрін шақырамын. Біздің ақшамыз оңға-солға шашылып кетіп жатқан жоқ. Тариф 6 жыл бұрын қалай 40 теңге болды, әлі сол қалпында. Бұл үйде бірінші қабатта орналасқан тұрғын үйлер емес жайлар бар. Олар бұрын өтемақыларын төлемей келген. Үкіметтің мүлігі,төлемейді деген ұғым болған. Бірақ тұрғын үй қатынастар заңында пайдаланушы иесі уақытша техникалық қызмет көрсетуді өз мойнына алады деп жазылған. Сол жайдың иесі қаржы жұмсауы керек. Егер тұрғын үй пәтерлерге тариф 40 теңге болса, тұрғын үйге кірмейтін жайларға 80 теңге,- дейді «Звезда Ақтау-2020» мүлік иелері бірлестігінің төрайымы Шынар Рахманова.
Тұрғындар үйдің сырты тозды деп айтып жатады. Егер үй ұлы жолдың бойында орналасқан болса, жергілікті атқарушы орган жоспарына қосып, жөндеп бере алады. Ол заңда қарастырылған. Егер лифтісі бар үй болса, оны пайдаланушы, бір үйдің тұрғындары тепе-тең төлену керек. Бізде қалай? 1,2 қабат тұрғындары төлемеймін, пайдаланбаймын, тіпті қымбат сапалы сорғы қойғанда маған керек емес, мен әдейі төменгі қабаттан алдым, су қаланың беріп жатырған қысымымен көтеріледі дейтін көрінеді.
Әр пәтер иесі көрпесін өзіне тартып бастайды. Ауызбіршілік керек. МИБ-гі өзгерістерді қолдаймыз. 19 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте меншік иелері бірлестігіне қатысты реформа соңына дейін жеткен жоқ», деді. Меніңше бұл реформа халыққа керек. Тұрғындар әкімшілікке арыздануға келгенде белсенді, бірақ олар үйдің жертөлесіне түсіп, бірігіп МИБ ашайық деуге жауапкершіліктен қашады. Үлкен қалалардағы замануи үйлерде МИБ төрағасы болуға таласады. Қазіргі өзгерістерде жақсы болды. Қаржылық сұрақтарға үштен екі тұрғындар қарсы болса мәселе шешілмейтін, қазір 50 пайыздан бір дауыс артық болса қаржылық сұрақтар шешімін табады, - дейді Шынар Рахманова.
Тұрғындар МИБ жұмысы есіктің алдын сыпыру мен орындықтарды бояуу деп түсінеді. МИБ бір кедергісі бұған соған лайық маманның табылмауы. МИБ төрағасы болғасын міндетті түрде сантехинкасы бар, үйге қажетті жұмыстардан хабары болуы керек.
Екі-үш ай жасап, сол саланың маманы болмағаннан кейін өз еркімен тапсырып жатқандар бар. Бір қуанарлық жағдай, Ақтауда бір ай бұрын орталық ашылды. Оқытып, маман дайындап, сертификат береді. Бұрын Алматыда болды. Қазір «Қамқор» қауымдастығы 20 адамды оқытып жатыр. Үйренуге деген ынтасы бар адамадарға үлкен мүмкіндік. Батыс өңірі бойынша Ақтауда ашылып отыр, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй инспекциясының басшысы Нұрадин Көшербаев.
Бұрын мен 28 шағынауданда тұрдым. «Ақтау» ПИК қызмет көрсетті. Сол ПИК-де 30 шақты үй бар деп айтайық. Бүкіл қаржы бір есеп шотқа құйылады. Кесте болды. Мына жылы мына үйді жөндейміз, келесі жылы басқа үйдің шатырын жөндеу дегендей. Сондай жоспары болды.Төлеп отырған ақша қайда кететіні көрініп тұрды. Себебі, барлығы кезекпен тұрды. Үйімді сырлауға уақыт қашан келетінін күтетін едім, ақша қашан өз үйіме жұмсалады деп. МИБ олай емес, бір үй, бір есепшот. Қаржы тек сол үйге жұмсалады,- деп ой қорытты Шынар Рахманова.
Тарифті тұрғындар өзара келісе отырып, белгілейді. Ол үйге қызмет көрсететін сантехниктің, еден жуушының, электриктің айлығы, дизенфекциясы сынды барлық шығын есептеледі. Мысалы: бір үйге 500 мың теңге кететін болса, соны шаршы метріне қарай бір айға бүкіл үйге бөледі. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орны ашылады. Мысалы, 100 МИБ ашылса, 100 төраға болуы керек. Бұл 100 адамға жұмыс орны ашылады деген сөз.