Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінде жарылыс болды
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде газ-ауа қоспасы жарылып, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс туралы хабар 28 қазан күні сағат 09:03-те түскен. Оқиға 32В шағын ауданындағы “Асия” тұрғын үй кешенінің жертөлесінде болған.
Оқиға орнына департаменттің 11 қызметкері мен 4 техника бірлігі жұмылдырылды.
Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыс салдарынан үшеуі ересек адам, ал екеуі 2010 және 2015 жылы туған балалар жарақат алған. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізден қой мен сиыр етінің экспорты артты
Өзгелердің жаңалығы