Ақтауда көп қабатты тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды
Ақтау қаласында 6-шағын аудандағы 24-үйдің алдынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 6-шағын аудан 24-үйдің алдынан күш көрсету белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Қоңырау 28 қазан күні сағат 20:21-де тіркелді, - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнына жедел тергеу тобы барған. Мәйітті сот-медициналық сарапшы қараған кезде дене жарақаттары анықталмаған. Ер адамның өлімінің себебін нақты анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында 3 балдық жер сілкінісі болды
Өзгелердің жаңалығы