Ақтауда көлікті ұтысқа ойнатқан азамат сотталды

Ақтауда лоторея ойнатқан жеке кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Оның лоторея ойнатуға лицензиясы болмаған.

Ол 5 тамызда Instagram желісінде Toyota Land Cruiser Prado 120 автокөлігін ойнатқан. Осылайша Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекстің 445-1 бабының 6-бөлігіне қайшы әрекетке жол берген.

Сот жеке кәсіпкерді кінәлі деп тауып, 775 320 теңге айыппұл салды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы