28 Желтоқсан 2025 2025, 22:25
Фото: freepik
Ақтауда көктайғақ салдарынан 225 адам медициналық көмекке жүгінді
Соңғы екі күнде Ақтаудағы облыстық көпсалалы ауруханаға көктайғақ салдарынан 225 адам жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Соңғы екі күнде Ақтаудағы облыстық көпсалалы ауруханаға көктайғақ салдарынан 225 адам жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеру нәтижесінде 29 науқас травматология бөлімшесіне жатқызылған. Алайда дәрігерлердің ұсынысына қарамастан 9 адам ауруханаға жатудан бас тартқан.
Қазіргі уақытта барлық өтініш білдірген азаматтарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аурухана өкілдерінің айтуынша, көктайғақтың күшеюіне байланысты қабылдау бөліміне келушілер саны артқан.