Ақтауда ірі тұрғын үй кешенінің сырты өртеніп кетті

Ақтауда 29 тамыз күні сағат 06:02 шамасында 10 қабатты «OTYRAR CITY» тұрғын үй кешені өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өртті Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өшірді.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес үйдің 1-ден 10 қабатқа дейін 2100 шаршы метрі жанған. Өрттің пәтерлерді шарпып кетуіне жол берілмеген. Сағат 06:18 шамасында өрт сөндірілді. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 60 тұрғын (оның ішінде 15 бала) ғимараттан өз бетінше шығып кеткен. ТЖД қызметкерлері 15 адам эвакуациялады, оның ішінде 8 бала. Зардап шеккендер жоқ, - делінген Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртке оранған «OTYRAR CITY» тұрғын үй кешенін «K7 group» құрылыс компаниясы қалпына келтіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы