16 Ақпан 2024 2024, 20:53

Ақтауда химиялық қалдықтары бар алып мұнара өртеніп, опырылып құлады

Ақтауда Индустриалды парк аумағында химиялық қалдықтары бар алып мұнара өртеніп, опырылып құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтауда Индустриалды парк аумағында химиялық қалдықтары бар алып мұнара өртеніп, опырылып құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 ақпан сағат 11-55-те Ақтау қаласы Маңғыстау индустриаландыру паркі аумағындағы 5-ші өңдірістік аймақта жарамсыз тұрған 63 метрлік (диаметрі 5 метр) мұнараның ішінде мұнай химиялық қалдықтары өртенді.

Өрттің ауданы шамамен 60 ш.м. Өртті сөндіруге ТЖД 30 адамы және 6 техникасы жұмылдырылды.

Себебі анықталып жатыр.