17 Қазан 2026, 19:52
Фото: видеодан скриншот
Ақтауда гүл сататын павильонда екі кондиционер өртенді
Өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.
Ақтаудың 9-шағынауданында сауда орталығына жапсарлас орналасқан гүл павильонындағы екі кондиционерден өрт шықты.
Өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Төтенше жағдайлар қызметі өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі кондиционерлерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті.
Мамандардың кеңесі:
- Жабдықтың жарамдылығын және электр сымдарының күйін үнемі тексеріп отырыңыз.
- Электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз.
- Кондиционерді шаң мен кірден уақытылы тазалаңыз.
- Күйік иісі немесе түтін байқалса, құрылғыны дереу электр желісінен ажыратыңыз.
- Ақауы бар жабдықты пайдаланбаңыз.