Ақтауда есірткі заттарын өсірген күдіктілер ұсталды

Ақтау қаласының 22 шағын аудандағы үйден екі күдікті ұсталды, деп жазады Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.

Тінту нәтижесінде қарасора тұқымдасының өсімдіктеріне ұқсас 17 бұтаны тауып, тәркіледі.

Маңғыстау облысының полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 31 және 41 жастағы күдіктілерді ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі затынан бөлек жарықтандыру құралдары мен тыңайтқыштар тәркіленіп алынды.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі бойынша құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру бойынша Ақтау полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақтау полиция басқармасы
Өзгелердің жаңалығы