Ақтауда есірткі сатумен айналысқан Ресей азаматы ұсталды
Ақтауда есірткі сатумен айналысады деген күдікпен РФ-ның азаматы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
14 ақпан келіп түскен жедел ақпарат бойынша Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласы 5 шағын аудан аумағында есірткі затын сатумен айналысады деген күдікпен 20 жастағы РФ-ның азаматын анықтады.
Тексеру барысында қалтасынан 2 дана изолентаға оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ, діни кітап, тәсбих және жалдап тұрып жатқан үйіне тінту кезінде арабша жазылған діни парақша мен діни мазмұндағы әдебиет тәркіленді.
Аталған дерек СДТБТ-де ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі таңда, қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейін тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Байден Зеленскиймен бетпе-бет сөйлесті
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы