17 Қазан 2024 2024, 09:27 Фото: polisia.kz

Ақтауда есірткі дилері ұсталды

Ақтауда полицейлер есірткі дилерін ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтауда полицейлер есірткі дилерін ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында жергілікті тұрғын ұсталды. Ол синтетикалық есірткілерді сақтау және орау үшін пәтерді жалға алған.

Қызметтік иттің көмегімен 550 грамм болатын “мефедрон” синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ тінту кезінде zip-қаптамалар, түрлі-түсті изолента, есірткіні өлшеп орауға арналған электрондық таразылар анықталды. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.