Ақтауда ер адамның көлігінен 152 келі бекіре балығы табылды

Ақтау – Форт-Шевченко тасжолында келе жатқан көлікті тоқтатып, тексеру барысында 152 келі бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

31 тамыз сағат 22:50 шамасында Полиция департаменті ротасының қызметкері Ақтау - Форт-Шевченко тасжолының 100/32 шақырымында Mitsubishi Delica автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында 152 келіні құрайтын 34 дана бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді, – деді Полиция департаментінен.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін кінәліге қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы