Ақтауда ер адам ұрланған көлігімен өзгенің көлігіне соқтығысқан

Полиция қызметкерлері Opel Vectra автокөлігінің жүргізушісі тоқтап тұрған Hyundai Tucson автокөлігіне соқтығысып қалғанын байқаған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Opel Vectra автокөлігін тексеру барысында жүргізушінің көлік басқару құқығы жоқ және масаң күйде екені анықталған. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ер адам 20 тәулікке қамауға алынды. 

Сондай-ақ аталған автокөлік жүргізушіге тиесілі емес екендігі, яғни оның бөтеннің көлігін айдап кеткендігі белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы