13 Қараша 2026, 06:43
Фото: istockphoto.com
Ақтауда ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасады
Бұрын сотталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әйелдің телефонын тартып алмақ болғаны болжанып отыр.
Ақтауда әйелге шабуыл жасады деген күдікпен бұрын сотталған ер адам ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл туралы Lada.kz жазды.
Оқиға 9 қараша күні сағат 20:30 шамасында 3А шағынауданында болған. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, күдікті әйелге суық қарумен қоқан-лоқы көрсеткен. Шабуылдың мақсаты оның ұялы телефонын тартып алу болуы мүмкін.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы (тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Бейресми деректер бойынша, ұсталған азамат – 1991 жылы туған, бұрын сотталған. Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.