Бүгiн 2026, 01:29
Фото: istockphoto.com
Ақтауда екі жасөспірім суға батып кете жаздады
Куәгерлердің жедел әрекетінің арқасында жасөспірімдер судан шығарылып, аман қалды.
Ақтауда жағалауда шомылып жүрген екі жасөспірім суға батып кете жаздады. Оқиға 4-шағын аудан маңындағы жағалауда болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің жедел әрекетінің арқасында жасөспірімдер судан шығарылып, аман қалды. Оқиға куәгерлерінің бірі тұрғындарға арнап видеоүндеу жариялаған.
«Шомылу маусымы басталды. Бұл екі жігіт суға батып кете жаздады. Біз оларды судан шығарып алдық. Тағы біраз кешіккенде қайғылы жағдай болуы мүмкін еді», – дейді видео авторы.
Ол тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, мұндай жағдайда көмек әрдайым дер кезінде келе бермейтінін ескертті.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша «101» және «112» нөмірлеріне шақырту түспеген.