23 Шілде 2026, 02:03
Фото: depositphotos.com
Ақтауда дрон ұшыруға уақытша тыйым салынды
Әкімдіктің ресми ақпаратына сүйенсек, бұл шектеу оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуге байланысты қабылданып отыр.
Ақтау қаласында 22-26 шілде аралығында дрон ұшыруға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігі хабарлады.
Әкімдіктің ресми ақпаратына сүйенсек, бұл шектеу оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуге байланысты қабылданып отыр.
Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитетінде тіркелмеген және белгіленген тәртіппен есепке қойылмаған пилотсыз әуе кемелері (дрондар) анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 563-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынатынын ескертеміз, – деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.