Ақтауда блогер балалар лагерінің қауіпсіздігін тексеруді талап етті
Бұдан бөлек, өтініш авторлары балалар демалысын ұйымдастыру мен бақылауға жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беруді талап етеді.
Ақтаулық блогер және қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің «Айналайын» балалар лагеріндегі демалыс жағдайларын тексеру туралы өтінішін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Өтініште лагерьдегі балалардың тұру жағдайы, санитарлық талаптардың сақталуы және қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелеріне қатысты ықтимал бұзушылықтар айтылған. Сондай-ақ соңғы жылдары берілген санитарлық қорытындылардың шынайылығы мен нақты жағдайға сәйкестігін тексеру сұралған.
Бұдан бөлек, өтініш авторлары балалар демалысын ұйымдастыру мен бақылауға жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беруді талап етеді. Құжатқа лагерьдегі жағдайды сипаттайтын фото және басқа материалдар қоса тіркелген.
Азамат Сәрсенбаев бұл жарияланым нақты құқық бұзушылықты дәлелдемейтінін, алайда айтылған жайттар құзырлы органдар тарапынан тексерілуі тиіс екенін атап өтті.
Айта кетейік, 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда балалардың сауықтыру және білім беру ұйымдарына қойылатын жаңа талаптар күшіне енген.