Ақтауда бірнеше шағын аудан жарықсыз қалды

Ақтауда 34, 38 және 39 шағын аудандары электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 2 ақпанда сағат 10:48 шамасында 34-ші шағын ауданның тұрғындары электр жарығының өшіп қалғанына шағымданды.

Таңертеңнен бастап электр жарығы өшіп қалды. Бұндай жағдай соңғы кезде жиі қайталанады, -дейді тұрғындар.

Осы жағдайға қатысты Ақтау электр желілері басқармасы түсініктеме берді.

Қазіргі уақытта Ақтау электр желілері басқармасының бригадасы 34ғ 38, 39-шы шағын аудандарда қалпына келтіру жұмыстарын жасап жатыр, - дейді кәсіпорын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы